avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 14:59
Маркетплейстердегі тауарлардың бағасын халықтың өзі көтереді

Маркетплейстерде де баға келісімі бар. Мұндай қорытындыға Гайдар институты экономистері келген. Ресейде жүргізілген зерттеу нәтижесінде онлайн платформалардағы алгоритмдер бағаны тек сұранысқа қарап емес, тұтынушының қанша төлеуге дайын екенін есептеп қоятынын анықтаған. Салдарынан бір тауар әр адамға әртүрлі бағамен ұсынылуы мүмкін. Мамандар бұл құбылысты «үнсіз баға келісімі» деп бағалады. Яғни сатушылар өзара келіспесе де, алгоритмдер бірдей сигналдарға жауап беріп, бағаны бір деңгейге әкеледі. Мұндай жағдай Қазақстанда да байқалуы мүмкін. Себебі онлайн сауда мен бөліп төлеу көлемі қарқынды өсіп келеді.

«Түскі формат» бағдарламасының толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
🤔 10
👍 3
1
🤣 1
🤪 1
🗿 1
1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram