avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 13:50
Ертеңнен бастап банктер мобильді аударымдар туралы салық органдарына мәлімет бере бастайды

15 сәуірден бастап банктер 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша барлық мобильді аударымдар туралы толық ақпаратты салық органдарына тапсыруға міндетті. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Егер бір ай ішінде сізге 100-ден астам әртүрлі адамнан ақша келіп, бұл жағдай қатарынан 3 ай қайталанса, әрі жалпы сома 1 020 000 теңгеден асса – тексеруге себеп болмақ, - деді вице-министр.


Алдымен сізге хабарлама келеді. Оған 30 жұмыс күні ішінде жауап берілу керек. Азамат аударымдардың жеке мақсатта болғанын дәлелдей алады. Болмаса жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Азаматтарға хабарлама мамыр айынан бастап жіберіле бастайды. Оны елемеу барлық банк шоттарының бұғатталуына әкелуі мүмкін.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
🤔 14
👎 10
👍 6
2
1
🔥 1
2 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram