Бюджет кірісі 17%-ға өсті
Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік бюджет кірістері трансферттерді есепке алмағанда 6,4 трлн теңге болғанын айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 931 млрд теңгеге артық.
Министр республикалық бюджет 102%-ға орындалып, 4,2 трлн теңге түсім қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Кіріс бөлігіне сыртқы факторлар айтарлықтай әсер еткен. Мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 доллар болған кезде экспорттық кедендік баж салығы бойынша қосымша 40,5 млрд теңге түскен. Сонымен қатар, теңгенің нығаюы (болжамдағы 540 теңгеге қарсы 1 доллар үшін 497,7 теңге) республикалық бюджет кірістерін 146 млрд теңгеге шектелген.
«Есепті кезеңде мемлекеттік қаржының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, барлық әлеуметтік міндеттемелер уақтылы қаржыландырылды, өңірлерге қолдау көрсетілді», – деді Такиев.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram