avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 10:22
Испания премьер-министрінің әйелі жемқорлық бойынша айыпталды

Испания премьер-министрі Педро Санчестің жұбайы Бегонья Гомеске екі жылға созылған тергеуден кейін сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылды. Бұл туралы DW агенттігі хабарлады. Сот құжатына сәйкес, 55 жастағы Гомеске өз ықпалын теріс пайдалану, бизнестегі жемқорлық, қаражатты иемдену және ысырап ету баптары бойынша айып тағылған. Оған қатысты тергеу 2024 жылдың сәуір айында судья Хуан Карлос Пейнадоның бастамасымен басталған болатын.

Бегонья Гоместің Мадридтегі Комплутенсе университеті жанынан ашылған «Бәсекеге қабілетті әлеуметтік трансформация» атты кафедра тергеушілердің назарын аударды. Сарапшылардың пікірінше, атауы көпшілікке түсініксіз кафедраны ашудың қажеті болмаған, бұдан бөлек оны іске қосу үшін университет басшылығына қысым жасалған. Тергеу басталғаннан кейін кафедра жабылып қалды.

2024 жылы Hazte Oír ұйымы премьердің жұбайына қарсы арыз түсірді. Ұйым Гоместің Комплутенсе университетіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді заңсыз иемденді деп сынға алды. Испания премьер-министрі Педро Санчес пен оның жұбайы Бегонья Гомес тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 11
😎 5
2
1
👎 1
🤔 1
👨‍💻 1
👀 1
1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram