avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 09:58
Иран араб елдерінен өтемақы талап етті

Иран Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми шағым жолдап, бірқатар араб мемлекеттерінен өтемақы талап етті. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Иордания Иранға келтірілген материалдық және моральдық шығынды толық өтеуі тиіс.

Тегеран бұл талапты АҚШ пен Израильдің әскери операциясымен байланыстырып отыр. Иран тарапының мәлімдеуінше, аталған елдер өз аумақтарын шабуыл жасау үшін пайдалануға рұқсат берген.

Ираванидің айтуынша, мұндай әрекет халықаралық құқық тұрғысынан «агрессия актісі» ретінде бағаланады. Сондай-ақ ол бұл мемлекеттер Иран алдындағы халықаралық міндеттемелерін бұзды деп айыптады.

Ресми хат Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш атына жолданған.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 33
🤣 6
5
👨‍💻 3
👀 3
🤯 2
🕊 1
😎 1
1 2 1.6K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram