avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 09:05
��Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды.

Жаңа ережеге сәйкес, азаматтар емтиханды шектеусіз тапсыра алады. Алайда әр талпыныс арасында кемінде 10 күн үзіліс сақталуы тиіс. Бұл бұрынғыдай қайта оқуға міндеттемей, процесті жеңілдетеді.

Сонымен қатар, емтихан барысында бақылау күшейтіледі. Теориялық бөлімде заманауи технологиялар қолданылса, практикалық емтихан кезінде жасанды интеллект негізіндегі жүйелер бақылау жүргізеді. Бұл заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тыйым салынған құрылғыларды пайдаланғандарға жаза қарастырылған. Тіпті емтихан тапсыру құқығынан бір жылға дейін айыру мүмкін. Бұдан бөлек, автомектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Дайындық сапасы төмен болған жағдайда лицензия қайтарып алынуы мүмкін.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 34
1
👎 1
🔥 1
😢 1
👌 1
👀 1
3 1.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram