avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
13.04.2026 19:07
Ұтыс ойнатып, күдікке ілінген блогер Жанабылов сотта журналистердің жұмысына кедергі келтірді. Ол жауап беру кезінде, алдында тұрған дыбыс жазу құрылғыларын түгел өшіріп тастады. Бұл әрекетке ашуланған журналистер судьяға шағымданды. Кейін блогер кешірім сұрады. Судья Әділбек Баймаханов күдікті Жанабыловқа ескерту жасап, бұл сотқа деген құрметсіздік екенін жеткізді.

Жауап беру кезінде Жанабылов өзі сияқты ұтыс ойнатқан блогер Дархан Жолшыбек пен Нұрбек Нұртаза айыппұлмен құтылғанын айтты. Өздерін не үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын түсінбейтінін жеткізді. Сондай-ақ блогер қаржылық және құқықтық сауаттылығы болмағандықтан көбіне кәсіпкерлік істермен жұбайы айналысатынын айтты.

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар 2025 жылы 30 мың теңгеге видеокурс сатып, оны лотереяны жасыру үшін пайдаланған. Бұл акцияға 16 мыңнан астам адам қатысып, жалпы 487 млн теңгеден астам ақша жиналған. Прокурордың айтуынша, блогерлар 200 млн теңгеден астам пайда табуды көздеген және сол үшін 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.
👍 17
👀 6
😨 4
1
1
👨‍💻 1
1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram