avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
13.04.2026 15:12
Трамп Рим Папасының үндеуін сынға алды

АҚШ президенті бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға шақырған Рим Папасының үндеуін қатаң сынады. Дональд Трамп Truth Social платформасында жазба жариялады.

«Маған Рим Папасының Иранда ядролық қарудың болуы қалыпты нәрсе деп есептейтіні ұнамайды. Рим Папасы АҚШ-тың Венесуэлаға шабуылын қорқынышты деп атап отыр. Бұл мемлекет АҚШ-қа есірткінің көп көлемін жіберіп отырды. Ең сорақысы түрмелеріндегі қылмыскерлерді біздің елге жіберді», – деп жазды Ақ үй басшысы.


Сөзінше, Понтифик оған ризашылығын білдіруі тиіс. Себебі Лев XIV америкалық болғандықтан ғана қазіргі лауазымына сайланды, дейді Трамп. Осылайша АҚШ президенті Рим Папасының жұмысына көңілі толмайтынын білдірді.

Бұған дейін Рим Папасы әлем көшбасшыларын келіссөз үстеліне отыруға шақырған болатын.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👎 16
👍 8
🤔 4
🤪 3
😇 2
😎 2
1
👨‍💻 1
3 1.9K

Обсуждение 3

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram