Мектеп бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салынады – министрлік
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мектеп бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданбақ. Соған сәйкес, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өтеді.
«Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді», – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Әкімдіктер қаржылық шығынды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алу тапсырылды.
��
gov.kz
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 4
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram