avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
13.04.2026 10:10
Алматылықтар қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы Алматы қаласы аумағында осы жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды. Жоба интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде «Күнделікті табыс» чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған. Бұл ретте тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін табыс уәде етілген. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген.

Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы жүргізіліп, кейін P2P операциялар арқылы криптовалютаға аударылған. Сенім қалыптастыру мақсатында компания тіркеліп, кеңсе ашылған, жарнамалық жұмыстар жүргізілген.

78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңгеден астам қаражат салған.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматыдағы жер учаскесіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
😱 9
5
👎 2
👍 1
🔥 1
🎉 1
👨‍💻 1
1.7K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram