Израиль Ливанда соғысты тоқтатпайды
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливандағы әскери операциялардың жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Израиль әскері қауіпсіздік белдеуінде әрекетін күшейтіп жатыр. Аймақтағы жағдай өте күрделі.
Нетаньяху Израильдің басты қарсыластары ретінде Иранды атап, олар қазіргі уақытта «өздерінің өмір сүруі үшін күресіп жатыр» деді. Бұл жағдай АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің нәтиже бермеуі аясында ушығып отыр. Израиль әскері жексенбіге қараған түні «Хезболланың» зымыран ұшыру қондырғыларына соққы жасағанын хабарлады.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram