avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
13.04.2026 08:33
АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздер нәтижесіз аяқталды

Пәкістан астанасында АҚШ пен Иран арасында өткен бейбіт келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Басты түйткіл – Иранның ядролық бағдарламасы. Тегерандағы билік атом қаруын жасамауға нақты кепілдік беруден бас тартты. Вашингтонды келіссөздерді «қабылдауға келмейтін талаптар арқылы бұзды» деп айыптады.

Келіссөз 21 сағатқа созылған. Америкалық тарап Ираннан ядролық қару жасау ниеті жоқ екеніне ұзақ мерзімді әрі нақты міндеттеме күтетінін мәлімдеді. Ал Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарып, уран байыту тек бейбіт мақсатта жүргізіліп жатқанын алға тартты. Бес аптаға созылған қақтығыстан кейін тараптар екі апталық бітімге келіп, осы аралықта келіссөздер ұйымдастырылды. Трамп келіссөздердің маңызын төмен бағалап, АҚШ әскери тұрғыда жеңіске жетті деді. Америкалық кемелердің Ормуз бұғазы арқылы өткенін хабарлады. Алайда Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы бұл ақпаратты жоққа шығарып, кез келген әрекетке қатаң жауап беретінін ескертті.

Келесі келіссөздің қашан болатыны белгісіз. Ирандық дереккөздер Тегеран әзірге ештеңе жоспарлап отырмағанын хабарлады.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
🤔 16
5
😢 3
👎 1
😎 1
1 1 1.9K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram