Астанада пәтер өртеніп, 3 бала көз жұмды
12 сәуірге қараған түні Есіл ауданы, Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
«Жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. Оның шығу себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 4
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram