Оқу орындарындағы бағдарламалар қысқарады. Дипломға әсер ете ме?
Еліміздегі білім беру саласына «ревизия» басталды. Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, 78 жоғары оқу орнында 700-ден астам білім беру бағдарламасы тоқтатылады. Себебі – экономистер мен заңгерлерден аяқ алып жүргісіз, ал нағыз қара жұмыс пен IT-ға келгенде маман жоқ. Жабылатын бағдарламалардың орнына Үкімет 21 басым бағытты ұсынды. Енді гранттар нақты аймақтың сұранысына қарай бөлінеді. Ең бастысы – студенттер аудиторияда ғана отырмай, уақытының 20-40 пайызын өндірісте, яғни жұмыс орнында өткізеді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram