Ғылыми жобаларға инвестиция салатын бизнесмендерге салық жеңілдігі беріледі
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Президент:
Ғылым саласына 5 жылда бөлінетін қаржы көлемі 6 есеге көбейді.
⏺
Зерттеу университеттерінің саны артып келеді.
✅
600-ден астам жас ғалымға баспана берілді. Арнаулы гранттар бөлінуде.
⏺
Жыл сайын жас зерттеушілер әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына барып, тәжірибе жинап, тағылым алып жүр. Осындай нақты шаралар жалғасады.
✅
Ғалымдарымыз ашқан жаңалықтар зертханаларда қалып қоймауы керек.
⏺
Былтыр University Medical Center мекемесіне қарасты Жүрек орталығының дәрігерлері ALEM деп аталатын инновациялық медициналық құрылғы ойлап тапты. Бұл ғылыми жаңалық. Құрылғы донорлық ағзалардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік береді.
✅
Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн.
⏺
Ғылым қалашықтарына және қарқынды дамитын қалаларға жаңа технология енгізуді жолға қоюымыз керек.
✅
Ұрпақ тәрбиесін әлеуметтік желілер мен видеосервистердің бодауына беріп қоюға болмайды. Отбасы институты мен білім беру жүйесін нығайту балаларды кітап оқуға баулумен тығыз байланысты.
Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» ордені енгізіледі. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі. «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram