avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
10.04.2026 15:04
Тоқаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 26
🔥 5
👏 2
1 1.7K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram