Atameken Business - Жаңалықтар
Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақыны арттыру ұсынылды
Қазір елімізде донорларға 0,25 АЕК немесе 983 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл төлем түрі осыдан 20 жыл бұрын белгіленгенін әрі осы уақытқа дейін қайта қаралмағанын айтады.
«Қазақ тағамтану академиясының ұсынымдарына сәйкес, қан тапсырған күні донор кемі 5 мың килокалория алуы тиіс. Мұндай тағамның нақты құны 5 мың теңгеден асады, яғни шамамен 1,25 АЕК», – дейді депутат.
Айтуынша, қан донорларына берілетін ақшалай өтемақыны республикалық бюджет есебінен 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін арттыру қажет. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларының жергілікті бюджеттері есебінен тромбоцит донорларына жыл сайын қосымша ынталандыруды да қарастыру ұсынылды.
«Тиісті әлеуметтік жеңілдіктермен бірге «Құрметті донор» мәртебесін қайта енгізу қажет. Жергілікті атқарушы органдарға донорлықты дамыту жөніндегі жыл сайынғы жоспарларды бекітуді тапсыру керек. Корпоративтік донорлық тетіктерін әзірлеп, бизнес, еріктілер және қоғамдық ұйымдардың қатысуын күшейткен жөн», – делінген депутаттық сауалда.
Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
Қан донорларының ақшалай өтемақысы көбейе ме?
Қазіргі таңда елімізде қан тапсыратын донорларға 0,25 АЕК мөлшерінде өтемақы беріледі. Бұл сома 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте де сақталып отыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиевтің депутаттардың сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Бюджетте қарастырылған қаражат көлемі:
��
2026 жылы –
257,8 млн теңге;
��2027 жылы –
274,2 млн теңге;
��2028 жылы –
277,8 млн теңге.
Ведомство басшысының сөзінше, өтемақыны көбейту және «Құрметті донор» мәртебесін қайта енгізу қосымша қаржыны қажет етеді. Бұдан бөлек 2028 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға бюджеттен қосымша қаржы бөлуге мораторий енгізілген.
«Қан донорлығын дамыту жөніндегі депутаттардың ұсыныстары Денсаулық сақтау министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарауын талап етеді», – делінген жауапта.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 2
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram