Отандық тауар өндірушілер тізілімінде 40 мыңнан аса тауардың мәртебесі расталды
Бүгінде тізілімнің ақпараттық жүйесіне (
e-ondiris.gov.kz) 26 257 өтінім жолданып, оның 22 мыңнан астамы қаралды. Бұл жалпы өтінімдердің 80%-дан астамына тең. Өнеркәсіп министрлігі осылай деп хабарлады.
«Нәтижесінде өндірістік қызметі сараптамадан өткен отандық өндірушілердің ауқымды базасы қалыптасты. Қазіргі таңда аталған базаға 5 834 өндіруші енгізілді. Оның ішінде 4321-і – толыққанды Қазақстан аумағында өндірілген тауарлардың өндірушілері болса, 1 513-і – қайта өңделген өнім шығаратын кәсіпорындар», – делінген хабарламада.
Осылайша 40 мыңнан астам тауар қазақстандық өнім ретінде танылды.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram