НАТО Ормуз бұғазындағы ықтимал операцияға қатысуға дайын.
Бұл туралы альянс басшысы Марк Рютте айтты. Қазір Альянсқа мүше елдер Трамп қойған талаптарды орындау үшін барын салып жатыр. Рютте Ирандағы әскери әрекеттер басталған кезде кейбір одақтастар АҚШ-қа қолдау көрсетуге кешіккен. Бұл Вашингтонның алғашқы соққылар алдында серіктестерін алдын ала хабардар етпеуімен байланысты болған деді.
Бірақ қазіргі таңда Еуропа елдері АҚШ-қа жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. НАТО мүшелерінің басым бөлігі Вашингтонның сұраныстарына жауап беріп жатқанын атап өтті. Айта кетейік, АҚШ алдағы күндері одақтастардан Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттеме күтіп отыр.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram