Хаменеи АҚШ пен Израильден өтемақы талап етті
Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи АҚШ пен Израильден соғыс салдарынан келген шығын үшін өтемақы талап етті. Оның айтуынша, Тегеран «агрессорларды жауапсыз қалдырмайды». Сонымен қатар, Иран Ормуз бұғазын басқарудың жаңа кезеңіне өтуді жоспарлап отыр.
Бұл мәселе АҚШ-пен келіссөздердегі негізгі шарттардың бірі ретінде қарастырылуда. Айта кетейік, Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлаған. АҚШ осы келісім аясында бұғаздың қайта ашылуын талап етіп отыр.
Вице-президент Джей Ди Вэнс егер Иран келісім шарттарды орындамаса, АҚШ әскери әрекеттерді күшейтуі мүмкін деді. Сонымен қатар, Вашингтон еуропалық одақтастарынан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты жоспар ұсынуды талап етті.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram