avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
09.04.2026 15:03
Қазақстан мен Оңтүстік Корея энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Астанада Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен келіссөз жүргізді. Ведомство басшылары отын-энергетика кешеніндегі бірлескен жобаларды дамытудың жаңа кезеңінің бағыттарын егжей-тегжейлі қарастырды.

«Қазақстан тарапы Корея ұлттық мұнай корпорациясының (KNOC) ел нарығындағы табысты әрі көпжылдық тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық шикі мұнайды Оңтүстік Кореяға тұрақты әрі өзара тиімді жеткізу мәселесі бойынша ортақ ұстанымға келді», - деп хабарлады министрлі
к.

Электр энергетикасы да негізгі тақырыптардың бірі болды.

Оңтүстіккореялық компанияларға Қазақстандағы жаңа инфрақұрылымдық жобаларға тек мердігер ретінде емес, толыққанды бірлескен инвестор ретінде қатысу ұсынылды.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 20
6
😎 2
1
👎 1
👨‍💻 1
1 1.8K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram