avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
Переслано от канала
09.04.2026 14:31
�� Қазақстанда негізгі туристік бағыттарға жету жеңілдейді

Еліміздегі негізгі туристік бағыттарға жету жеңілдейді. Биыл «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс» және «Өскемен – Рахман қайнары» бағыттары ашылады. Соның нәтижесінде туристер Каспий теңізіне, Торғай өңіріне және Шығыс Қазақстандағы демалыс орындарына тез әрі ыңғайлы жете алады.

Сонымен қатар танымал туристік аймақтарға апаратын жолдар жөнделуде. Атап айтқанда, Жаңаөзен – Кендірлі, Өскемен – Қатонқарағай, Көкшетау – Зеренді, Кеген – Қырғызстан шекарасы және Қалқаман – Баянауыл бағыттары жаңартылып жатыр. Өңірлерде туристік нысандарға қолжетімділікті жақсарту үшін 33 жоба жүзеге асуда.

Бұдан бөлек, жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 50 жаңа нысан салу жоспарланған. Алакөл жағалауында Қабанбай ауылын айналып өтетін жаңа жол салынып, көлік қозғалысы жеңілдеп, сапар қауіпсіздігі артады.

@atamekenbusiness_silkway
👍 30
4
2 1 1.8K

Обсуждение 2

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram