Көлік салығын төлемеген азаматтарға қатаң шаралар қолданылуы мүмкін
2025 жылға арналған салықты төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Егер төлем жасалмаса, 2 сәуірден бастап берешек сомасына күн сайын өсімпұл қосылады.
Мемлекеттік кірістер органдары алдымен қарыз туралы хабарлама жібереді. Оны өтеуге 30 жұмыс күні беріледі. Егер осы мерзімде төленбесе, салық бұйрығы шығарылып, іс сот орындаушыларына беріледі.
Бұдан кейін мәжбүрлі өндіріп алу шаралары қолданылады. Олардың ішінде банк есепшоттарын және мүлікті бұғаттау, автокөлікті қайта рәсімдеуге тыйым салу, сондай-ақ елден шығуға шектеу қою бар.
Мамандардың айтуынша, қарыз ұзақ уақыт өтелмесе, қосымша шығындар артып, сот орындаушыларының қызмет ақысы да есептелуі мүмкін. Сондықтан салықты уақытында төлеу ұсынылады.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram