Еңбек нарығы: Өткен айда 1 млн теңгеден жоғары жалақы кімдерге ұсынылды
Наурыз айында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында заң жұмысы жөніндегі бөлім басшысының орынбасары
(1,4 млн теңге), бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы
(1,38 млн теңге) және өндіруші өнеркәсіптегі өндіріс басшысы
(1,14 млн теңге) бар.
Жұмыс іздеушілер HR бизнес-серіктесі
(4,2 млн теңге), каротажшы
(3,0 млн теңге) және өнеркәсіп саласындағы зертхана басшысы
(2,5 млн теңге) лауазымдарынан жоғары жалақы сұрайды.
2026 жылдың наурыз айында Enbek.kz
электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, ал жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме қалдырыпты. Жыл басынан платформада 304,3 мың бос жұмыс орны және 394,4 мың түйіндеме жарияланды.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram