Қостанайда 3 млрд теңге субсидияны жымқырғандар сотталды
Қостанайда мемлекеттік субсидияларды жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша үкім шықты. Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.
«Beef Export Group» ЖШС басшысы Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топ Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларының қатысуымен, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ветеринариялық мамандармен келісу арқылы субсидияларды заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
Мемлекетке
3 млрд теңгеден астам залал келтірілді. Тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгеден астам қаражатты ерікті түрде өтеді.
Сот үкімімен ұйымдастырушы
Пархоменко А.Г. 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың
14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жалпы құны 3 млрд теңге болатын мүлік, оның ішінде 1,3 млн доллар және 700 млн теңге тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram