avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
09.04.2026 09:04
АҚШ атысты тоқтату келісімінің Ливанға қатысы жоқ екенін айтты

АҚШ вице-президенті бітімге қатысты түсініспеушілік болғанын мәлімдеді. Джей Ди Вэнс Иран келіссөз жүргізушілері атысты тоқтату келісімі Ливанды да қамтиды деп ойлағанын айтты. Алайда АҚШ мұндай шартқа келіспеген.

Вэнстің айтуынша, келісім негізінен Иран мен АҚШ одақтастарына, соның ішінде Израиль және Парсы шығанағындағы араб елдеріне қатысты.

Бұл мәлімдеме бұған дейін делдал болған Шахбаз Шариф айтқан сөздерге қайшы келеді. Ол бітім Ливанды да қамтиды деген болатын. Сонымен қатар, Вэнс Израиль Ливандағы әрекеттерін уақытша шектеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл келіссөздердің сәтті өтуіне ықпал ету үшін жасалып отыр. Қазіргі таңда тараптар арасындағы келісім шарттары әлі де нақтылауды қажет етеді.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👎 22
👍 5
🤔 4
1
1 1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram