Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін «Корея – Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақырту алды.
Кан Хун Шик Президент Ли Чжэ Мёңнің Қазақстан Президентін Корея Республикасына сапармен келуге және биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін «Корея – Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақыратынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы жоғары деңгейде өтетін алдағы келіссөздер екі ел ынтымақтастығын жандандырып, Орталық Азия – Корея Республикасы форматындағы ықпалдастықты арттыруға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.
Әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе, соның ішінде жаһандық нарықтағы қазіргі сын-қатерлерге байланысты энергетика, көлік-логистика салаларында ықпалдастық аясын кеңейту перспективасы талқыланды.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram