Енді психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі
Қазақстанда психологтардың қызметін реттейтін дербес заң пайда болады. Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта психологтардың біліміне, қайта даярлауға және біліктілігін растауға қойылатын талаптар белгіленеді. Олар міндетті түрде мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс. Сондай-ақ кәсіби даярлық пен қайта даярлау талаптары жүйеленіп, кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру міндеті қарастырылған.
Заң жобасында психологтардың құзыреттері мен қызмет мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайтын кәсіби стандартқа қатысты нормалар енгізілген.
Бұдан бөлек, заң жобасында психологтардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Олардың қатарында этикалық нормаларды сақтау, ақпараттандырылған келісім алу, құпиялылықты қамтамасыз ету, кәсіби құпияны сақтау және клиенттің келісімінсіз ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу талаптары бар.
Құжатта психологиялық көмек алушылардың құқықтары да айқындалған. Атап айтқанда, маманды таңдау, толық ақпарат алу, көмектен бас тарту, өз құқықтарын қорғау және шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Медициналық қызметті жүзеге асыруға және дәрілік ем тағайындауға тыйым салынады. Бұдан бөлек, психологиялық қызмет туралы жалған ақпарат таратуға және қызмет нәтижесіне кепілдік берілетінін мәлімдеуге жол берілмейді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram