Жыл сайын психология мамандығы бойынша 4 мыңға жуық жас маман даярланады
Қазақстандағы 43 жоғары оқу орны психолог мамандарын дайындайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлайды
inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі күні еліміздегі 43 жоғары оқу орны психолог мамандарын дайындайды. Онда үш деңгейде де – бакалавриат, магистратура, докторантураны қосқанда 17 мың студент білім алып жатыр. Жыл сайын шамамен 3,5-4 мың студент осы бағыт бойынша оқуын аяқтайды. Олардың жұмысқа орналасу мәселесі бізде бақылауда тұр. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 73-76 пайызды құрайды. Мониторинг міндетті түрде жүргізіледі және әрі қарай да жалғасын табады", – деді ведомство өкілі.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram