avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
08.04.2026 09:32
Ресейдің халықаралық резервтері азайып жатыр

Ресейдің халықаралық резервтері 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 749 млрд доллар болды. Көрсеткіш бір ай ішінде 60,3 млрд долларға азайған. Наурыз айының басында елдің халықаралық резервтері 809,3 млрд долларға жеткен. Сонымен қатар Ресей Орталық банкі мемлекет балансына тиесілі монетарлық алтынның көлемін – алтын құймалары мен монеталарды күрт азайтқан. Мұндай мәлімет ай сайынғы есепте жарияланды.

Халықаралық резервтеріге Орталық банк пен ел үкіметіне тиесілі қаржы активтері жатады. Олардың құрамына шетел валютасы мен активтер, монетарлық алтын, Халықаралық валюта қорындағы резервтік үлесі және арнайы қарыз алу құқықтары кіреді. Мәскеудің бірқатар активтері соғысқа байланысты Батыс елдерінде бұғатталған.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👏 18
16
🤣 2
👨‍💻 2
1 1.8K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram