avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
07.04.2026 17:45
АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы күрт қымбаттамайды

Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықта белгілі бір өзгерістер болуы мүмкін, алайда бағаның күрт өсуі күтілмейді. Сол сияқты коммуналдық қызмет көрсететін компаниялар да тарифтерді бірден көтере алмайды. Қазіргі таңда олар бағаны қаншалықты арттыруға болатыны жөнінде Табиғи монополияларды реттеу комитетіне өтініш жолдаған. Әрбір өтініш жеке қарастырылып жатыр.

“Өсуі мүмкін. Оны ашық айтып жатырмыз ғой. Өйткені инфляция бар. Тиісті құралдар қымбаттайды. Ол жерлерде жерлестеріміз жұмыс жасайды ғой. Жалақыны көтеруіміз керек. Сондықтан ол мәселелер обьективті түрде қаралып, тиісті себептер болғанда әрине өсуі мүмкін”, - деді вице-министр Сұңғат Есімханов.


Еске салайық, осы айдың басында коммуналдық қызметтер мен бензин бағасына қойылған шектеу алынып тасталған болатын.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👎 27
👀 10
3
4 1.9K

Обсуждение 4

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram