Ресей салуы тиіс болған үш жылу электр орталығын Қазақстан енді сингапурлық серіктестермен бірлесіп өзі тұрғызатын болды.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылысқа қатысты келісімшарт биылғы қаңтар айында жасалған. Нысандарды 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынады.
Бұған дейін Ресей тарапымен үкіметаралық келісім жасалған еді. Алайда, Кремль жеңілдетілген несие бере алмаған және ұсынылған технологиялар экологиялық талаптарға сай келмеген. Осыған байланысты тараптар арасындағы келісім жүзеге аспады.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 5
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram