Алматыда «NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
ҚМА «NBC TV» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу амалдарына сай, 2025 жылы күдікті интернеттегі ресурс және WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тарта отырып, инвестициялық онлайн-жоба ретінде бүркемеленген қаржы пирамидасын ұйымдастырған.
Жобаға қатысу құны – 11 000-160 000 теңге. Тәулігіне 5–10%-ға дейін (айына 150%-дан астам) табыс уәде етілген, ал мұндай төлемдер тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Қаражат криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға жіберілген.
Сот санкциясымен 1 057 599 доллар көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынды (528,5 млн теңге).
Күдіктіге қатысты елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс сотқа жолданды.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram