Түркістан диқандары Ресейге ерте пісетін қырыққабатты экспорттады
Шаруалар «Пекинка» сұрыпты қырыққабат өнімінің алғашқы топтамасын Ресей нарығына шығарды. Биыл 4 гектар алқапқа ерте пісетін қырыққабат егілген. Мұнда тамшылатып суару сияқты заманауи агротехнологиялар қолданылып жатыр. Нәтижесінде 120 тонна өнім алу жоспарланған.
Жалпы Мақтаарал ауданында 1404 гектар жерге көкөніс дақылдары егілген. Оның 1016 гектары сұранысқа ие «Ринда», «Пекин» және «Пандион» сұрыптарындағы қырыққабатқа тиесілі. Өнім тек ішкі нарықта ғана емес, Ресей мен Еуропа елдерінде де жоғары бағаланады, деп хабарлайды АШМ.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram