«7-20-25» бағдарламасы бойынша алаяқ делдалдар жиілеп кетті
Қазақстанның орнықтылық қоры өзін ипотекалық брокер, кеңесші немесе делдал ретінде таныстыратын «көмекшілер» тарапынан алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.
«7-20-25» бағдарламасының танымалдылығын пайдалана отырып, олар сыйақыға кезекті «жеделдетуді», орын «брондауды», несиені «мақұлдатуға кепілдік беруді» немесе банктердің лимиттерін «алып беруді» ұсынады. Алайда, бұл жалған қызмет. Себебі бағдарлама аясында банктердің өтінім қабылдау процесі толық автоматтандырылған және оған сырттан әсер ету мүмкін емес», – делінген хабарламада.
Банктер де өз құзыреті шеңберінде мұндай құқықбұзушылықтармен күрес жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Ешкімге ақша төлемей, ипотекаға өтінім беруге болатыны айтылды.
Сонымен қатар күмәнді делдалдармен байланысқа түспеу туралы ескертілді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram