avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
07.04.2026 11:01
Қазақстан көмірді қай елдерге экспорттайды

Көмір экспортының негізгі бағыттары: Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзия және тағы да басқа елдер. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

2026 жылы елімізде көмір өндіру көлемі 128,9 млн тонна болады деп жоспарланып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 115,9 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп.

«Өндірілетін көмірдің негізгі бөлігі ішкі нарыққа жіберіледі, ол электр энергетикасында, коммуналдық-тұрмыстық секторда және өнеркәсіпте пайдаланылады. Көмір экспортының да деңгейі сақталып отыр», - деді министр.


Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарға және ішкі тұтынуға 85,9 млн тонна пайдаланылды, ал көмір экспорты 30 млн тоннаға жетті.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
10
👍 8
4
👎 1
👨‍💻 1
1 1 1.9K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram