avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
07.04.2026 09:03
Соғыс салдарынан әлемде экономикалық өсім баяулайды

Таяу Шығыстағы соғыс әлем экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева қақтығыс салдарынан инфляция өсіп, жаһандық экономика баяулайды деді. Негізгі себеп – Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай тасымалының тоқтауы. Бұл бағыт арқылы әлемдегі мұнай мен газдың шамамен бестен бірі жеткізіледі. Қазір жеткізілім көлемі шамамен 13 пайызға қысқарған. Соғыс ұзаққа созылса, жағдай одан әрі күрделене түспек.

Қор 14 сәуірде жаңа экономикалық болжам жариялайды. Бұған дейін әлемдік өсім 2026 жылы үш бүтін оннан үш пайыз, ал 2027 жылы 3,2 пайыз болады деп күтілген.

Сарапшылардың айтуынша, әсіресе энергия ресурстары жоқ кедей елдер қатты зардап шегеді. Бағаның өсуі олардың экономикасына ауыр салмақ түсіреді.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
6
👍 5
👀 2
👎 1
1.8K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram