Дағыстанда 2 мыңнан астам үйді су басты
Дағыстанда наурыз айының аяғынан бері жауған нөсер жаңбыр су тасқындарына ұласты. 7 муниципалдық аумақтағы 9 елді мекенде 2 075 тұрғын үй, 1 817 аула және 173 автожол учаскесі әлі де су астында қалып отыр.
Дербент ауданында Геджух су қоймасында бөгет бұзылып, бірнеше елді мекеннен тұрғындар ішінара эвакуацияланған. 4 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram