МӘМС қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталды
Бұл жайында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президентке есеп беру кезінде айтты.
Жанат Элиманов:
➤ Бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг кезінде мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 млрд теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталғанын айтты.
Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 млрд-тан аса теңгені мақсатсыз жұмсау белгілері айқындалды.
МӘМС қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған, ал құрылыс саласында 5,3 млрд теңгені заңсыз иемденбек болған жандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.
➤ Алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.
Қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді.
Мемлекет басшысы:
Агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
👍26
❤2
3 1.9K
Обсуждение
3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram