avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
06.04.2026 14:21
Заңсыз кәсіпкерлікпен айналасқан қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
 
Бас прокуратураның хабарлауынша, трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Күдікті 2023 жылы Ресей аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Нәтижесінде, акциздік салықтың ел бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгеге жеткен.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 12
🤔 6
2 1.8K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram