Сабынды ауылын су басу қаупі толық сейілді
Қазіргі уақытта Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылын су басу қаупі толықтай жойылды. Барлық нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Еріген суды дала аймағына бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Салдарын жою жұмыстарына 56 техника және 230-дан астам жергілікті тұрғын мен ТЖМ жеке құрамы жұмылдырылды. 5 мың қап және 50 мың тонна инертті материал дайындалды, 800 метр жер үйіндісі төселді. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында», – делінген хабарламада.
Айта кететіні, Шөптікөл бөгетінің сыйымдылығы – 4,71 млн текше метр су, ал су айдынының аумағы 157 гектар, орташа тереңдігі шамамен 3 метр. Нысан Астана – Қорғалжын республикалық автожолының бір бөлігін су басудан қорғайды, сондай-ақ Шевченко және Балқаш тоғандарын сумен қамтамасыз етеді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram