Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды.
Жаңа бағыт қалада көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстанға өтетін транзитті жылдамдатады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, жоба аясында ұзындығы 102,6 шақырым болатын I-а техникалық санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салынады. Жол халықаралық стандарттарға сай жобаланған және қауіпсіз әрі үздіксіз көлік қозғалысына жағдай жасайды.
Сарыағаш айналма жолының іске асырылуы өңір экономикасына айтарлықтай әсер етеді: жүк және жолаушылар транзиті жеделдейді, шекара маңындағы сауданың тартымдылығы артады, Түркістан облысының халықаралық маршрутардағы көлік түйіні ретіндегі рөлі күшейеді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram