Елімізде 11 электр станциясы жаңғыртылады
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:
• Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
• Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
• Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);
• Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
• Топар ГРЭС-ін жаңғырту (250 МВт);
• Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
• Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
• Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
• «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
• Степногорск ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).
Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр станцияларының тиімділігі артады.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 2
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram