avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
06.04.2026 09:02
Ресей газ бағасын көтерсе, Армения ОДКБ мен ЕАЭО-дан шықпақ

Ресей газды қымбатқа сатса, Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ құрамынан шығуы ықтимал. Бұл туралы ел парламентінің спикері Ален Симонян мәлімдеді.

Бүгінде Ресей Арменияға көгілдір отынның текше метрін 177 доллардан жеткізеді. Ал Еуропаға оны 600 доллардан сатады. Бұл – экономикасы тығырыққа тірелген Ресей үшін тиімсіз. Сондықтан, өткен аптада Пашинян Мәскеуге келгенде Путин сауда байланысын қайта қарау туралы айтқан. Сонымен қатар ол Арменияның бір мезетте Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ құрамында бола алмайтынын еске салған. Дегенмен екі ел арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 5,1 миллиард долларға қысқарған.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👏 29
7
👍 7
1 1 2K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram