Ақмола облысында су бөгеті жарылды
Қорғалжын ауданында орналасқан «Шөптікөл» бөгеті жарылды. Оқиға Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде болған. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Қазір оқиға орнында жедел шаралар жүргізілуде. Апат салдарын жою жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтері тартылған.
Жалпы саны 170-ке жуық адам мен 43 техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта бөгетті бекіту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 2
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram