Ормуз бұғазы ашылмаса, АҚШ Иранның көпірлері мен электр стансаларын атқылауы мүмкін.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп Truth Social желісінде жазды.
«Сейсенбі Иранда электр стансалары мен көпірлер күні болады. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Ормуз бұғазын ашыңдар!», - делінген жазбада.
Жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп дүйсенбіге дейін Иранмен келісімге келуге «жақсы мүмкіндік бар» деген болатын.
Иран парламентінің спикері Мұхаммед-Багер Галибаф америкалық президенттің ессіз әрекеті бүкіл аймақты «отқа орайтынын» мәлімдеді. Сөзінше, ең дұрыс шешім – Иран халқының құқықтарын құрметтеу және осы соғысты тоқтату. Айта кететіні, Иранның Ормуз бұғазын жауып тастауы мұнай бағасының күрт қымбаттауына әкелген болатын.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram