Ел мектептерінде тегін тамақ құны орта есеппен 775 теңге.
Бұл көрсеткіш бір оқушыға есептелген. Тиісті сома жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстеліп отырады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің депутаттардың сауалына берген жауабында айтылған. Ақпаратқа сәйкес, мектептегі тамақтандырудың құны өңірдің ерекшеліктері мен оның экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптасады.
«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдар баға динамикасы мен статистикалық деректер негізінде мектептегі тамақтану құнын қайта қарады. Тамақтанудың орташа құны бір білім алушыға 775 теңге болды (2024 жылдың басында – 635 теңге, 2025 жылы – 697 теңге)», - делінген жауапта.
2022 жылдан бастап мектептегі тамақтандыруды қаржыландыру көлемі 30 млрд теңгеден 201 млрд теңгеге дейін өскен.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram