avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
03.04.2026 14:55
Енді ипотека пайызы бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Егер алғашқы жарна 30 пайыз немесе одан көп болса, ипотека мөлшерлемесі төмен болады. Ал жарна аз болған жағдайда, керісінше, несие пайызы өседі. Мысалы, 30 пайыздан төмен болса, мөлшерлеме шамамен 25 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл банктер үшін тәуекелді азайтады және халықты алдын ала қаражат жинауға ынталандырады. Яғни, бастапқы жарна неғұрлым көп болса,ипотека де соғұрлым тиімді болады.

Сонымен қатар, банктер енді «Отбасы банк» жүйесіне ұқсас өнімдерді ұсына бастады. Бұл жүйеде азаматтар алдымен депозитке ақша жинап, кейін төмен пайызбен ипотека ала алады.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 17
3
👎 2
🤔 2
1 2 2K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram