Ресей жанармай тапшылығының алдын алу үшін экспортты тоқтатты
Ресей үкіметі бензинді шетелге шығаруға толық тыйым салып, шектеуді 2026 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартты. Бұл жолы тыйым мұнай өнімдерін өндірушілерге де қатысты.
Дегенмен үкіметаралық келісімдер аясындағы жеткізілімдер бұл шектеуден тыс қалады. Яғни кейбір елдерге келісім бойынша бензин экспорттала береді.
Билік бұл қадамды ішкі нарықтағы сұраныстың артуымен және мұнай бағасының қымбаттауымен түсіндірді. Шешім ел ішінде жанармай тапшылығын болдырмауға бағытталған.
@atamekenbusiness_silkway
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram