АҚШ Ирандағы ең биік көпірге ракетамен соққы берді
АҚШ-тың шабуылы салдарынан Тегеран маңындағы Карадж қаласында орналасқан көпір опырылды. Нысан ел астанасын батыс өңірлермен жалғап тұрған. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Тағы 97-сі жарақат алған.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп «Ирандағы ең үлкен көпір жойылғанын» мәлімдеді. Ол мұндай соққылар жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Ал Тегеран Вашингтонның әрекетін айыптап отыр. Олар азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасалғанын алға тартты.
BBC жазуынша, құрылысы әлі толық бітпеген көпірдің ұзындығы 1050 метр, ал биіктігі 136 метр болған. Нысан елдегі ең биік көпір болып саналды.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 4
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram